КММ «Тарасовка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі жоспарына сәйкес «Ізгілік әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: көркем әдебиет арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, мейірімділікке, жанашырлыққа, достыққа және айналасындағыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Көрме балаларға кітаптың ізгі істерге, өзара көмекке және басқа адамдарды түсінуге үйрететінін көрсетуге бағытталған. Кітапханашы: Копылова К.С.