КММ «Тарасовка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4-сыныпта «Геометриялық фигуралар: текше, тікбұрышты параллелепипед. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар геометриялық фигуралармен танысып, олардың қасиеттері туралы білімдерін бекітті және тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табуды үйренді. Сабақта көрнекі материалдар мен практикалық тапсырмалар қолданылып, оқу материалын жақсы меңгеруге мүмкіндік жасалды.