Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында және Республика күні қарсаңында біздің шығармашылық шеберханамызда қызықты шеберлік сағаты өтті. Балалар өз қолдарымен ғажайып еліміз — Қазақстан Республикасына арналған қолөнер бұйымдарын жасады. Мұндай сабақтардың басты мақсаты — сәндік-қолданбалы өнер арқылы балалардың Қазақстанның тарихы, дәстүрлері мен бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейту, сонымен қатар отансүйгіштік сезім мен Отанға деген мақтанышты тәрбиелеу. Шығармашылық сабақты бастауыш сынып мұғалімі Ефименко Нина Сергеевна өткізді.