25 қазан — еліміздің бірлігі мен тәуелсіздігін, азаттығы мен өркендеуін бейнелейтін ерекше мереке. Мектебімізде нағыз мерекелік көңіл күй орнады! Республика күніне орай ұлттық нақышта безендірілген әдемі фотозона жасалды. Қанатты бейнелер, ұлттық ою-өрнектер мен бейбіт аспанның символы болған көгілдір шарлар мерекелік көрініске ерекше сән берді. Оқушылар фотозонада естелік суретке түсіп, туған жері — Қазақстанға деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін білдіруде. Қазақстанымыздың көк туы мәңгі желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!