«Алтын сақа» — Қазақстанда өткізілетін республикалық математикалық олимпиада. Олимпиаданың мектептік кезеңіне 4-сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты — оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, оларды ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдау, сыни ойлау, күрделі есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру, олимпиадалық резерв құру, сондай-ақ дарынды балаларды анықтау және ынталандыру.