Біздің мектептің 1-сынып оқушылары үшін «Кітапханамен танысу» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында бүлдіршіндер кітапхана әлемімен танысып, кітапты дұрыс пайдалану мен оны ұқыпты сақтау ережелері туралы білді. Балалар кітап сөрелерін аралап, қызықты ертегілер мен балалар әдебиетін зор ықыласпен парақтап шықты. Кітапханашы К.С. Копылова оқушыларға кітапхананың жұмыс тәртібін түсіндіріп, кітаптың білім мен тәрбиенің маңызды бастауы екенін атап өтті. Мұндай танымдық кездесулер балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітаппен дос болуына ықпал етеді. Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы!