“Тарасовка ауылының жалпы білім беретін мектебі” КММ-де ағылшын тілінен Quiz викторинасы өтті Қазақстан халқы тілдері онкүндігі аясында «Тарасовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 8 және 10 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «Quiz» интеллектуалдық викторинасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыру, логикалық ойлауды дамыту және оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Командалар лексика, грамматика және елтану бойынша білімдерін сынап, жоғары білім деңгейі мен командалық рухты көрсетті. Викторина достық және салауатты бәсекелестік атмосферасында өтті. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, шығармашылық тапсырмаларды орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша достық жеңді, ал барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.