Оқу мәдениетін қалыптастыру, сауатты әрі зияткерлік тұрғыдан дамыған ұлтты тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғалардың дамуына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылы еліміздің барлық өңірінде «Оқитын ұлт» жобасын ауқымды түрде іске қосты. «Оқитын ұлт» жобасы – Қазақстан Республикасы халқы арасында оқу мәдениетін орнықтыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты ақпарат көзі ретінде кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Бұл жобаны жүзеге асыру өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсер етіп, кітапханалар мен білім беру және мәдени ұйымдардың қызметін жандандырады, сондай-ақ қоғамда білім мен кітаптың құндылығын дәріптеуге ықпал етеді. «Оқитын ұлт – оқитын ел» жобасын жүзеге асыру аясында 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, 2027 жылдың наурызында аяқталатын «Оқитын ұлт» ұлттық оқу марафоны өтеді. Осы уақыт аралығында қатысушылар белгілі бір санатты таңдап, 15 кітап оқуы тиіс. «Оқитын ұлт – оқитын ел» оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз. Жобаға тіркелу қазір ашық. https://reading-nation.kz/ сайтында өзіңіз таңдаған санат бойынша тіркелуіңізді сұраймыз!