«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

2026 жылғы 7 қыркүйекте КММ «Тарасовка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» жалпы мектептік сап түзеу өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шепиль Ю.П оқушыларды сапқа тұрғызуды ұйымдастырды. Сап түзеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мухарлямова С.Х. ағымдағы аптадағы кезекшілікке жауапты сыныпты жариялады. Пән мұғалімдері: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абжанова А.А., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухаметжанова Ж.О және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мухарлямова С.Х. тілдер онкүндігінің ашылуын өткізді. Іс-шара барысында оқушылардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және тілдік білімдерін дамытуға бағытталған танымдық викторина ұйымдастырылды. Іс-шара соңында оқушыларға бауырсақ пен кәмпиттер ұсынылды. Іс-шара ұйымдасқан әрі қызықты түрде өтті. Оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ мектеп ұжымында жағымды әрі достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.

09.09.2026

Просмотров: 18


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст