Тарасовка ауылының «Жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2-сынып оқушылары үшін сынып жетекшісі Н. С. Ефименко «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Аталған шара барысында сынып жетекшісі Н. С. Ефименко Тарасовка жалпы білім беретін мектебінің 2-сынып оқушыларына «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын және азаматтардың табиғатты қорғаудағы конституциялық міндеттерін түсіндірді.