Тарасовка ауылының «Жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 1 және 4 сынып оқушылары үшін сынып жетекшісі И. Н. Шепиль «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Аталған шара барысында сынып жетекшісі И. Н. Шепиль оқушыларға «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғаудағы Ата Заңның маңызын түсіндіріп, табиғатты ұқыпты ұстау мен экологиялық мәдениетті калыптастырудың мәнін жеткізді.